Қазақстан кәсіподақтары күніне орай семинар-коучинг ұйымдастырылды

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері кəсіподағы ұйымының бастамасымен Қазақстан кәсіподақтары күніне орай «2018-2020ж.ж арналған әлеуметтік серіктестік туралы облыстық келісім және оның білім беру мекемелеріндегі жеке еңбек дауларын шешудегі рөлі» тақырыбында семинар-коучинг ұйымдастырылды.

Семинардың алғашқы кезеңі «Кейіпкерге ену» тренингімен басталып, «Портрет» тренингінде қатысушылар өздері туралы жақсы мінездеме беріп өтті. Негізгі бөлімінде облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының заңгері А.Алимпиев облыстық келісім, еңбек дауларын шешуде маңызды ақпараттар беріп, қатысушылардың қойылған сұрақтарына жауап берді. Одан кейін төрт топқа «Кәсіподақ дегеніміз не?, Оның міндетіне не жатады?» деген сұраққа постер қорғалды. Семинар соңында ашық микрофонға кезек беріліп, бастауыш кәсіподақ мүшелерінің ұсыныс-пікірлері стикерге жазылып, өздерінің бүгінгі семинардан алған әсерлерімен бөлісті. Семинар жоғары деңгейде өткізіліп, бастауыш кәсіподақ ұйымының қызметкерлерінің ризашылығына бөленді.