ҚР Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан бойынша мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізеді

ҚРКФ ҚР Кәсіподақтар күнін атап өтуге арналған мәдени-бұқаралық іс-шараларды бастайды.

Іс-шаралар аясында Қазақстанның барлық өңірлерінде конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, спорттық-бұқаралық іс-шаралар, слеттер, байқаулар, еңбек ұжымдары және жастармен кездесулер, қайырымдылық акциялары, жәрмеңкелер болады.

2018 жылғы 8-9 маусымда елордада Қ. Мұңайтпасов атындағы стадионда волейболдан, мини-футболдан және үстел теннисінен «Астана қаласы кәсіподақтарының І-ші салалық спорт фестивалі» болады.

2018 жылғы 8 маусымда сағат 18.00-де өтетін Фестивальдің ашылу салтанатында Елбасының «Challenge Өзгеше сен!» спорттық бастамасын қолдау мақсатында флешмоб және «Арт – Тұмар», «Алаш» және т.б. топтардың қатысуымен өтетін концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Алматы қаласында «Кәсіподақтар салауатты өмір салты үшін!» акциясы (скандинав жүрісі бойынша шеберлік сағаты өтеді), «Еңбек саласындағы еңбеккерлердің құқығы мен кепілдемесі» білгіштер байқауы, шахмат, мини-футбол және боулингтен турнирлер болады.

Сондай-ақ, оңтүстік астанада «Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелері және білім мекемелеріндегі кәсіподақ қозғалысы» дөңгелек үстелі және «Қоғамдағы кәсіподақтар: әл-ахуалы, мәселелері, дамуы» семинары өтеді.

Қостанай кәсіподақ активінің ІІІ-ші облыстық лагеріне, патриоттар  және еңбекші жастар қозғалысы форумына және «Келешек» кәсіподақ активінің лагеріне қатысушыларды қарсы алады.

Іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өтеді.