“Үздік көшбасшы – 2018” байқауы

10 маусым Қазақстан кәсіподақтары күніне орай Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім қызметкерлері кəсіподағы ұйымының бастамасымен «Үздік көшбасшы – 2018» байқауы ұйымдастырылды. Байқауға аудандық білім мекемелерің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары сұраныс беріп, 9 үміткер байқаудың 3 кезеңі бойынша бақ сынады.

Үміткерлер байқаудың 1-ші кезеңінде «Автопортрет» өзін-өзі таныстыру шарты бойынша таныстырып өтсе, 2-ші кезеңінде «Менің өнерім!» өз өнерлерін көрсетуден жан-жақтылық танытып, 3-ші кезеңінде «Іскерлік ойын», яғни қазылар алқасының тапсырмасы бойынша ситуациялық сұрақтарға ұтымды ойлары мен толыққанды жауаптарын айта білді. Байқаудың қатысушы үміткерлеріне қазылық етіп, әрі байқаудың қадірлі қонақтары ретінде қолдау білдірген облыстық кәсіподақ ұйымының заңгері А.Алимпиев, Шалқар аудандық №2 жасөспірімдер мектебінің басшысы – М.Құлтасбаев, аудандық білім бөлімінің бас маманы, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Д.Ақмалай, аудандық әдістемелік құрылымдық бөлімше меңгерушісі А.Оспанова, аудандық кәсіподақ ұйымының төрайымы Г.Махат, аудандық кәсіподақ ұйымының бас есепшісі А.Үсенова, аудандық «Оқушылар сарайы» ММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы М.Жылтырова қазылық жасап, «Үздік көшбасшы – 2018» байқауының Гран-При иегерін, жүлделі орындар мен номинациялар иегерлерін анықтады.