Алматы облысында «Біздің күшіміз – бірлікте» атты салтанатты жиын өтті

Бүгін «Алматы облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ұйымдастыруымен 10 маусым – Қазақстан Республикасының кәсіподақтар күні мерекесіне орай «Біздің күшіміз – бірлікте» атты салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға білім және ғылым саласының қызметкерлері де қатысты.
Жиын барысында кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғауда белсенділік танытып, кәсіподақ саласының дамуына зор үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды.

Оның ішінде Сарқан ауданы шығармашылық үйінің мұғалімі Ахметқалиев Аманғали Сапанұлы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының ардагері Жампейісов Ғизат Омарбекұлы Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымының бас есепшісі Арымбаева Айгүл Ыбрайқызы аумақтық кәсіподақтар орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды.