Ортақтастық! Ынтымақтастық! Жасампаздық!

Қызылордалық кәсіподақтардың мерекелік шеруі өтті. 10 маусым Қазақстан Кәсіподақтары күніне орай ұйымдастырылған авто-мото шеруі «Сыр Ана» монументінен бастау алды, шеру бастауына ардагерлер жол ашты. Шерудің негізгі мақсаты -еңбек адамының даңқын ұлықтау, кәсіподақтар бірлігін көрсету, кәсіподақтар қозғалысын насихаттау, кәсіподақтар қатарында болуға шақыру.
Кәсіподақ ардагерлері, еңбек ардагерлерін ортаға ала, шеру Ортақтастық! Ынтымақтастық! Жасампаздық!  ұранымен қала көшелерімен жүріп өтті. Кәсіподақтар шеруін қала орталығындағы Достық Үйінде жиналған кәсіподақ мүшелері мерекелік көңіл-күйде Өз елім әнімен қарсы алды.