«Бастау» боулинг-клубында Қазақстанның Кәсіподақтар күніне арналған боулинг турнирі өтті

«Серіктес» жергілікті кәсіподақ» қоғамдық бірлестігі Қазақстанның Кәсіподақтар мерекесіне орай 2018 жылдың 09 жұлдызында сағат 10-00де Алматы қаласының Шагабутдинов көшесі 109А үй ( Қарасай батыр көшесінің қиылысы) мекен жайында орналасқан «Бастау» боулинг-клубында «Алатау Жарық Компаниясы» Акционерлік Қоғамының әйел қызметкерлері арасында Боулинг турнирін ұйымдастырды. Турнирге 16 команда, яғни, жүзге жуық адам қатысты. Жүлделі орындарға ие болған командаларға ақшалай сыйлықтар берілді.