Мейірімділік айы

Рамазан айы – айлардың сұлтаны.

Қасиетті айдың құрметіне ағымдағы жылдың 10-шы маусымында «Алматы қаласы кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі қаладағы кәсіподақ белсенділерімен бірлесіп ауыз бекітіп отырған жандарға ниетін білдіріп ауызашар өткізді. Осындай игілікті іске Алматы қаласының белсенді жастары ұйымдарының басшыларымен қоса, «Жас Отан» жастар қанаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жарасым» жастар ұйымы, «Болашақ» түлектер қауымдастығы, Алматы қаласы «Еріктілер» лигасы, Алматы қаласы жоғарғы оқу орындарының жастар комитеттері «G38» қоғамдық қоры, Алматы студенттер альянсы, жас кәсіпкерлер «Enactus Kazakhstan» орталығы, студенттік кәсіподақ төрағалары және «Jas qadam» қоғамдық қоры, Алматы қаласы Пікірсайыс орталығының жетекшілері, «Алматы электр станциясы» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясының», «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының жас өкілдері қатысты.

Сауапты іске бел байлағандардың дені – жастар мен әр саладағы кәсіподақ белсенділері. Шынайы ниетпен дастархан жайып, осы шараға мұрындық болған Алматы қаласы кәсіподақтар Орталығының төрайымы Зәуреш Өмірбаева. Рамазан айының қадір-қасиеті туралы ниеттер айтылып, жастарды бірлікке, ынтымақтастыққа үндеді. Бұл іс-шара Қазақстанның Кәсіподақтар Күнінің төл мерекесіне тура келді. Өз сөзінде З.Өмірбаева кәсіподақтардың жастар саясатын күшейту және жандандыруға бағытталған жүйелі жұмысқа ерекше назар аударатынын атап өтті.

«Мемлекеттік, банк және қоғамдық қызмет көрсету мекемелері» кәсіподағының Алматы қалалық филиалы төрайымы Данагүл Айнақұлова өз сөзінде жиылған қауымды  жақсы істерге, игі бастамаларға, сауапты амалдарға жүгінуге шақырды. Бұл кәсіподақ белсенділерінің жақсылыққа деген ұмтылудың нәтижесі екендігін танытады.

Рамазан айы бұл – бірліктің, кешірімнің, сабырлықтың мейрамы. Бұл мезгілде пенденің жүрегіне иман нұры құйылады. Отыз күн ораза – тәрбие мектебі. Ол адамдардың бір-біріне деген қамқорлығын арттырады. Жетім-жесірлерге қолдау көрсетеді. Ал, ауызашар ағайын арасын жақындата түседі. Сондықтан да мұсылман қауымы бұл айға ерекше құрметпен қарайды.