Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің арасында бильярд спортынан I облыстық байқау өткізді

9 маусым – Кәсіподақтардың төл мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы өңірдің салалық кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің арасында бильярд спортынан I облыстық байқау өткізді. Байқауға барлық салалық кәсіподақ ұйымдарының басшылары үкілеп қосқан 19 үміткер қатысты. 8 сағатқа созылған тартысты жарыс облыстық кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің арасынан үздіктердің үздігін анықтады.

Жүлделі төрт орынды иеленгендер: 1 орын – «Казфосфат» ЖШС Жаңа Жамбыл фосфор зауытының кәсіподақ ұйымының мүшесі Әбдірахман Әбілдаұлы Әлмұханов; 2 орын – «Казфосфат» ЖШС Жаңа Жамбыл фосфор зауытының кәсіподақ ұйымының мүшесі Марат Абатұлы Базарбаев; 3 орын – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының мүшесі Жангелді Сағынбекұлы Қойбағаров; 4 орын – «АК Алтыналмас» АҚ-ның Ақбақай филиалы қызметкерлерінің «Бәйтерек» кәсіподақ ұйымының мүшесі Нұрғали Ожарұлы Қыялов болды.
Ұйымдастырушылар жеңімпаздарды дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапаттады.