“Туризм – 2018” жарысы

«Туризм – 2018» тақырыбында Алматы облысы кәсіподақтар орталығы Қазақстан Республикасындағы кәсіподақтар күніне кәсіподақтың имиджін көтеру мақсатында  Ескелді ауданында спорттық туризмнен «Туризм – 2018» үш күндік білім қызметкерлері арасында облыстық жарысын ұйымдастырды. Ашылу салтанатына облыстық туризм, білім басқармалары, Ескелді ауданының басшылары,  жергілікті жəне облыстық БАҚ қатысты. Қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.
Сондай-ақ бүгін Алматы облысының бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” конкурсын
ұйымдастыру жəне оны өткізу бойынша жұмыс комиссиясының отырысы өтті. Отырыста жұмыс жоспары талқыланды.