Ақтөбеде Қазақстан Кәсіподақтар күніне арналған салтанатты іс-шара өтілуде

Қазақстан кәсіподақтары күніне арналған салтанатты іс-шаралар Қарғалы ауданы барлық білім мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарындада өтті. Сонымен қатар аудандық кәсіподақ ұйымы үлкен салтанатты кеш ұйымдастырып, оған әлеуметтік серіктестер, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары шақырылып, марапатталды. Салалық кәсіподақ тарапынан және аудандық кәсіподақ тарапынан Мақтау қағаздар мен сыйлықтар табыс етілді. Үш әлеуметтік серіктеске жазғы демалыс кезінде 30 пайыздық жеңілдікпен демалуға Сертификат табыс етілді.

Мерекемен тұспа-тұс келген «Бөбек» бала-бақшасының меңгерушісі Успанова Гульнара 55 жасқа толуына байланысты Қарғалы ауданы білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ тарапынан құттықтау хатына және шипажайға 30 пайыздық жеңілдікпен демалу Сертификатына ие болды.