«Қауіпсіз еңбек» аймақтық бағдарламасы қабылданды

Қызылорда облысында еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестермен «Қауіпсіз еңбек» аймақтық бағдарламасы қабылданды. Аймақтық бағдарламаның негізгі мақсаты -қауіпсіз еңбек үшін жағдайлар жасау, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік ауруға шалдығушылықты төмендету, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы құқықтарын бұзушылықты азайту, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардан сақтандыру жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру.

Бағдарлама 11 мамыр 2018 жылы Қызылорда облыстық әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үш жақты комиссия отырысында қаралып, мақұлданды және «Кәсіподақтар жаңғыру жолында» ІІ облыстық Кәсіподақтар форумында бағдарламаға әлеуметтік әріптестердің салтанатты түрде қол қою рәсімі өтті.