Кәсіподақтар федерациясы еліміздің бір топ мемлекет жəне қоғам қайраткерлеріне ауызашар берді

13 маусым күні еліміздің бір топ мемлекет жəне қоғам қайраткерлері ҚР Кəсіподақтар федерациясының қонақжай дастарханында бас қосты. Қасиетті Рамазан айы дәріптелген отырыста елді имандылыққа ұйытқан жақсы әңгімелер айтылды.

Елімізге еңбектері сіңген зиялы қауым ауызашарға жиылған жұртты өздерінің тағылымды əңгімелерімен тəнті қылып, жүрекжарды тілектерін білдірді.