Кәсіподақ өкілдері Оңтүстік Медтехника ұжымымен кездесті

14.06.2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының жеке кəсіпкерлік қызметкерлерінің жергілікті кəсіподағы Оңтүстік Медтехника ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Оңтүстік Медтехника директорының орынбасары Т.Халимовке Салалық жеке кəсіпкерлік қызметкерлерінің кəсіподағының Құрмет грамотасы тапсырылды. Кездесуде ұжымы Оңтүстік Қазақстан облысының кəсіподақ орталығымен  ұйымдастырылып отырған іс- шараларды қолдап, табыс тіледі.