Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Елімізде денсаулық саласын дамыту, қазақстандықтарға қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету үшін бар мүмкіндіктер жасалуда. Ақ халатты абзал жандардың ерен еңбектері адам капиталының дамуына өзіндік үлесін қосуда.

Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, жанұяларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілеймін. Кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер!

ҚР Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы

Бақытжан Әбдірайым