Бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесу өтті

Маңғыстау облысының бастауыш кəсіподақ ұйымдарымен кездесу кестесіне сəйкес Қаражанбас кен орнында  «Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» ЖШС қызметкерлерінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында ұжымның еңбек қауіпсіздігі  əлеуметтік жағдайымен танысып, қолданыстағы еңбек заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар, кəсіподақ қозғалысын дамыту жөніндегі мəселелері талқыланды.