Шымкент қаласында зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен жиын өткізілді

15.06.2018 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы  Жоғарғы сотының ұйымдастырылуымен “Татуластыру: сотқа дейін, сотта” жобасы аясында “Ел ішінде дау көбейсе, ел сыртында жау көбейеді” тақырыбында зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен жиын өткізілді.

Жиында Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты жəне Қазақстан Республикасы Кəсіподақтар федерациясы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумына сəйкес Кəсіподақтар орталықтарында Татуластыру орталықтарын ашу туралы презентациясы жасалды. Қоғамда медиация – дауларды сотқа дейін өзара келісу процессі арқылы бітімгершілікке келуі, оның тиімділігі қызу талқыланды. Сонымен қатар, татуластыру орталықтарындағы медиаторларға Оңтүстік Қазақстан облысы əкімдігі тарапынан қаржыландыру жəне медиаторлардың жалақыларын төлеу тетіктері, халық арасында медиацияның тиімділігін кеңінен насихаттау мəселесі көтерілді.

Татуластыру орталығын ашу жəне медиация процессін жетілдіру туралы зиялы қауымның пікірлері мен ұсыныстары тындалып, Оңтүстік Қазақстан облысының əкімдігі мен зиялы қауымның  қолдауын тапты. Еске салсақ 2018 жылы 19 наурызында Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Қазақстан Республикасының Кəсіподақтар федерациясы арасында өзара ынтымақтасу меморандумына қол қойылды. Меморандум аясында  кəсіподақтар орталықтарының ғимараттарында Татуластыру орталықтарын ашу қолға алынған болатын.