ОҚО кәсіподақтар орталығында оқу орталығы ашылды

ОКО кәсіподақтар орталығында қазіргі таңда оқу орталығы ашылып, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты аясында аспаз, жиһаз жинақтаушы, ағаш пен қыштан бұйым жасаушы, мата және гобеленнен көркем зат жасаушы, киім пішуші, кілемші, көлік жүргізушісі секілді 8 мамандық бойынша 225 адам оқытылуда. Бул туралы облыстық кәсіподақтар орталығының өкілдері “Хабар” телеарнасына берілген сухбат барысында мәлімдеді.
Оқу орталығында бұл мамандықтардың таңдап алыну себебі, кәсіподақ орталығы тарапынан жасалған талдауға сәйкес облыста жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс саласы, ауыл шаруашылығы және АӨК саласында кадр тапшылығы анықталды. Ал бұл қысқа мерзімді курс 1-3 ай аралығында жүреді. Яғни, 1 ай теориялық сабақтар және 2 ай өңіріміздегі ең ірі кәсіпорындарда практика өткізу жоспарлануда. Атап айтканда «Фиркан», «Магнум», «Гаухар» тігін фабрикасы секілді кәсіпорындарда.
Бақнурбек Садық, ОҚО облыстық кәсіподақтар орталығының білім орталығының меңгерушісі:-“Осы практикадан өту мерзімінде үздік деп табылған қатысушыларды жұмысқа қабылдау мәселесі де қарастырылған. Және бағдарламаға қатысушыларға мемлекет тарапынан стипендия 16 759 теңге стипендия тағайындалған. Сонымен қатар ауылды жерден қатынап оқитын азаматтарға 9620 теңге жолақысы және 12020 теңге пәтер жалдау ақысы бөлінеді. Оқу орталығы мұғалімдерінің біліктілігі өте жоғары. Сондықтан оқу процессі жемісті болатынына күмәніміз жоқ.
Осылайша өңірде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының тапсырмалары жүзеге асырылуда.Кәсіподақ қозғалысының қоғамдағы беделін арттыру, еңбек қауіпсіздігін қоса оқытып, өндірістерде жазатайым оқиғаларды болдырмау мәселелерін қамту, құқықтарын қорғайтын кәсіподақ секілді ұйымдардың бар екенін бағдарламаға қатысушыларға түсіндіру жұмыстары арқылы ҚР КФ Жол картасының жаңғыруына оқу орталығының сүбелі үлес қосатынына сенімдіміз”.