“Еңбек шартын жасаңыздар!” республикалық акциясы

Қызылордада “Еңбек шартын жасаңыздар!” республикалық акциясы бойынша Форум өтті. Форумға Қызылорда облысының еңбек саласындағы әлеуметтік әріптестік тараптары өкілдері, облыс көлеміндегі кәсіпкерлік субъектілердің, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, өндірістік кооперативтер өкілдері қатысты. Форумда республикалық акция аясындағы атқарылған жұмыстар бойынша Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасы және Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы мамандары хабарлама жасады. Қызылорда облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен «Еңбек шартын жасаңыздар» республикалық акциясы аясында еңбек қатынастарын заңдастыру мәселелесін халыққа кеңінен жетуі үшін тиімді платформа облыстық, қалалық және аудандық қоғамдық кеңестер алаңында қарастыру ұсынылды.
Айта кету керек, аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайтында кәсіподақтардың Әлеуметтік әріптестік айдарында акция туралы ақпарат орналастырылған. Кәсіподақтар үйі ғимаратында «Кәсіподақтар еңбек қатынастарын заңдастыруды қолдайды» ақпараттық парақшасымен «Сенім жәшігі» орналастырылып, парақшада көрсетілген Қызылорда облысының кәсіподақ орталығы мен Қызылорда облысының мемлекеттік еңбек инспекциясының «Жедел желі» телефондары жұмыс жасайды.