Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

ОҚО Кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігі мен Нұр Отан партиясы облыстық филиалының арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды .
Меморандумға «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жолдасов Нұрмахан Миятұлы және «Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бекжанов Берік Айдарбекұлы қол қойды.
Меморандум аясында бірлескен іс-шара жоспары қабылданып, олбойынша жүйелі жалғасатын болды.Осы меморандумның шеңберінде тараптар ҚР Конститукциясын, ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарды, заңдарды, өзге де нормативтік актілерді әр тараптың ішкі құрылтай және өзге құжаттарын басшылыққа алады. Облыс тұрғындарын, еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын және мүдделерін қорғауға, қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, халықтың жұмыспен қамтылуы, ішкі еңбек нарығын қорғау бойынша қоғамдық бақылауды бірлесіп ұйымдастырады және жүргізеді.