Бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер өткізілді

Үстіміздегі жылдың 22 – 25 маусым күндері Жамбыл облыстық кәсіподақтар орталығы және өңірдегі ауыл шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Тараз қаласы мен Меркі ауданындағы ауыл шаруашылығы саласының бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер өткізілді.

Кездесу барысында кәсіподақ мүшелеріне, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағалары мен төрайымдарына, жұмысшыларға еңбек құқықтарының сақталуы бойынша және кәсіподақ ұйымдарының жұмысы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, еркін әңгіме барысында ұжым қызметкерлерінің еңбек заңнамасының сақталуы, шипажайларға жолдама беру, тағы басқа бірқатар сұрақтарға толығымен жауаптар берілді.