ҚРКФ өкілдері Алматы облысына іс-сапармен келді

Бүгін Алматы облысына ҚР Кəсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Бияхметұлы, Денсаулық сақтау қызметкерлерінің республикалық “Сенім” кəсіподағының төрағасы Сапарбек Серікұлы, Орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі қызметкерлері салалық кəсіподақ төрағасының орынбасары  Айшерім Утибаева іссапармен келді.

Іссапар барысында  Аумақтық кəсіподақтар  орталығының жұмысымен танысып, облыстық балалар ауруханаларымен қызметкерлерімен кездесу өткізді. Аталған мекеме қызметкерлеріне сала бойынша жаңадан құрылған “Сенім” кəсіподағының жоспарымен таныстырды. Қызметкерлер “Сенімге” сенімдерін білдіріп, кіреміз деп ынта білдіріп отыр. Келген қонақтармен облыс əкімнің орынбасары Ж. Омар кездесіп, облыстағы кәсіптік одақтардың жұмысы талқыланды. Сондай-ақ облыстық табиғатты қорғау жəне ретеу басқармасының басшысы Ə.Қонақбаевпен кездесу өтті, кездесу барысында салалық кəсіподақа кіру мəселе қозғалып, оң шешімі табылды. Сонымен қатар “Рухани  жаңғыру” орталығында облыстағы бастауыш кəсіподақтар ұйымдарының белсенділерімен кездесу өтіп, өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарға жауап алды.