ҮЗДІК НОМИНАЦИЯ ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

2018 жылғы 27 маусым күні «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде кәсіподақтар қозғалысы туралы үздік мақалалар мен материалдар жариялаған журналистер марапатталды. Аталған іс-шараға БАҚ өкілдері мен салалық кәсіподақтардың басшылары қатысты.
«Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бекжанов Берік Айдарбекұлы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, журналистерді кәсіби мерекемен – байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.
Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде кәсіподақтар қозғалысы туралы үздік мақалалар мен материалдар жариялау бойынша өткізілген облыстық байқаудың қорытындысы бойынша «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, комиссияның төрағасы – Әуесханов Серік Елемесұлы үздік номинация иегерлерін рет-ретімен хабарлады және төраға Бекжанов Берік Айдарбекұлы үздік номинация иегерлеріне дипломдар мен сыйлықтарды табыс етті. Жалпы 8 журналист 4 номинация бойынша үздік дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Атап айтқанда,

«Үздік мақала» номинациясы бойынша:

– Елшібай Ғалымжан Қамытбекұлы – «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі.

– Масалева Алиса Касымовна – «Южный Казахстан» газетінің тілшісі.

– Бектаев Нұрлан Бауыржанұлы – «Шымкент келбеті» газеті бас редакторының орынбасары.

«Әлеуметтік желідегі үздік мақала» номинациясы бойынша:

– Әсет Әссанди – «Алтын алқа» баспасының директоры, «Didarbek.kz» порталының бас редакторы.

«Үздік бейнематериал» номинациясы бойынша:

– Ералиев Сенбек Құттыбайұлы – «Оңтүстік» телеарнасының тілшісі.

– Хумар Жанерке – «Отырар» телеарнасының тілшісі.

– Омар Абай Өсербайұлы – «Айғақ» телеарнасының тілшісі.

«Сайтқа жарияланған үздік мақала» номинациясы бойынша:

– Төреханова Нурзина Саидзадаевна – «TVK» телеарнасы сайтының тілшісі.
Салалық кәсіподақтар атынан ОҚО мәдениет, спорт, туризм және ақпарат саласы қызметкерлерінің кәсіподағы комитетінің төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары Прімбетов Бастарбек Прімбетұлы құттықтау сөз сөйлеп, журналистерге алғысын білдірді.