Алматы қаласы Кәсіподақтар орталығы журналистер қауымын құттықтады

“Жарқын болашақтың қамын – саясаткерлер, өткен дәуірді – тариxшылар, ал бүгінгіні – журналистер ойлайды” деген қағиданың туралығын Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында Алматы қаласы Кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің журналист қауымын құттықтау шарасы көрсетті. Сөз бен қаламды қатар ұстаған ақпарат өкілдерін Алматы қаласы Кәсіподақтар Орталығының төрайымы Өмірбаева З.Ә. құттықтап, қалам иелеріне зор денсаулық және шығармашылық жеңістер тіледі. Кәсіподақпен етене жақын жұмыс істеген “Алматы” және “СТВ” каналдарының, “Егемен Қазақстан”, “Алматы ақшамы”, “Вечерняя Алматы” газеттерінің сондай ақ “Nur.kz”, “Zakon.kz” ақпараттық порталдарының қызметкерлеріне де ал қызыл шоқтары мен сыйлық табысталды.

Құттықтау сөзінде Өмірбаева З.Ә. баспасөз бен кәсіподақтың қарым-қатынасының тұрақтылығын сөзге тиек етті. Баспасөз өкілдері атынан сөз алған Алматы қаласы әкімі аппаратының баспасөз хатшысы Динара Сапакова Алматы қалалық кәсіподағының құрметіне ризашылығын білдірді.