“Алматы облысының кəсіподақтар орталығы” БАҚ өкілдерін құттықтады

“Алматы облысының кəсіподақтар орталығы” аумақтық кəсіподақтар бірлестігі Журналистер күніне орай кəсіподақтың жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді жариялап жүрген облыстағы 100 жасқа толып отырған облыстық “Жетісу”, “Огни Алатау” газеттерінің тілшілерін  жəне облыстың тыныс-тіршілігін ақпарат айдынында кеңінен насихаттау, еңбектегі қызметкерлердің имиджін көтеруде бағдарламаларымен халықтың ықыласына бөленіп, кəсіподақтың дамуына лайықты үлес қосып келе жатқан “Жетісу” телеарнасының ұжымын және қызметкерлерін кәсіби төл мерекелерімен құттықтады.