Ақтөбе облысының Кәсіподақтар орталығы журналистер қауымын құттықтады

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнін мерекелеу шеңберінде, Ақтөбе облысының Кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі,  өңірдің белгілі бір қатар телевизиялық және баспасөз басылымдарының кызметкерлерін марапаттады.Ақтөбе облысының Кәсіподақтар Орталығының Төрағасы А.Әмірғалиев құттықтап, жемісті ынтымақтастық, өңірдегі кәсіподақ қызметіне жан-жақты араласып, қоғамға аса қажетті шынайылықты қамтамасыз етуге атсалысып жүрген еңбектері үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық және шығармашылық жеңістер тіледі.

Кәсіподақпен тығыз жұмыс атқарған «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасы, «Ақтөбе» облыстық саяси-әлеуметтік газеті, «Актюбинский вестник» газеті, «Актовеnews.kz» ақпарат агентігінің қызметкерлеріне қызыл шоқтары мен қаржылай сыйлық табысталды.

Баспасөз өкілдері өз тарапынан ризашылықтарын айтып, қәсіподақ атқарып жатқан жұмысына әрі қарай үлесін қосуға ниеттері білдірді.