ШАЛҚАР АУДАНЫНДАҒЫ ШАРА

Ағымдағы жылдың 26 маусым күні мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық комитетінің төрайымы Мұхтарита Мұхамбетқалиқызы Сағындықова Шалқар ауданында болып, іссапар шеңберінде ауданның бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенділерімен кездесті.

Кездесу барысында облыстық комитет төрайымы салалық кәсіподақ мүшелеріне уақыт талабына сай болып жатқан кәсіподақтардағы реформалар мен жаңғыртулар туралы кеңінен түсіндірді.

Соның ішінде 2018-2019 жылдарға арналған Кәсіподақтарды жаңғырту жол картасының басым бағыттарына тоқталып, жиналғандардың сауалдарына жауап берді.