ҚРКФ өкілдері Алматы облысы Көксу ауданына жұмыс сапарымен барды

ҚР Кəсіподақтар федерациясы Төрағасының орынбасары Е. Сайыров ҚР Денсаулық сақтау қызметкерлерінің “Сенім” кəсіптік одағының төрағасы С. Дүйсенов Алматы облысы Көксу ауданына жұмыс жоспарына сəйкес іссапармен барды.
Іссапар барысында аудан əкімі А. Əділмен кездесті. Сондай-ақ аудандық орталық ауруханасының қызметкелерімен “Сенім” кəсіподағының мүшелігіне өту бойынша жиын өткізді. Жиын қорытындысы бойынша аталған кəсіптік одақтың құрамына ену бойынша  700-ге тарта қызметкер бірауыздан шешім қабылдады.