ҚРКФ өкілдері денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төраға орынбасары М.Л.Тоқжанов, облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Е.Г.Салықов және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары И.А.Тощева іс-сапар шеңберінде Сырым ауданында болып, аудан әкімі Т.С.Төреғалиев денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті.
Сонымен қатар белгіленген жоспарға сәйкес Орал қаласындағы облыстық диагностикалық консультативтік Орталықтың ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесулерде М.Л.Тоқжанов 2018-2019 жылдарға арналған кәсіподақтарды жаңғырту Жол картасы,  «Заманауи кезеңдегі кәсіподақтардың рөлі мен орны туралы» жалпыұлттық талқылау жөнінде және бүгінгі күні кәсіподақтармен жүзеге асырылып жатырған шаралар туралы кеңінен баяндады. Сондай ақ қатысушыларға ҚР Кәсіподақтар Федерациясының  қатарына жаңадан кірген, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық қоғамдық бірлестігі туралы толық ақпарат берді.
Сала мамандары жиын барысында өздерінің толғандыратын сұрақтарына  жауаптарын алып, жаңадан құрылған «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағына кіру жөніндегі шешімдерін жуық арада қабылдайтындарын мәлімдеді.