Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті

Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығы Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті. Отырыста 22 маусым 2018 жылғы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесі отырысында қаралған мәселелер, Қазақстандағы әлеуметтік еңбек қатынастары мәселелері жөніндегі конференция материалдары,  «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының» қоғамдық бірлестігі жұмыстары, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы жұмысының негізгі бағыттары мен кәсіподақтар мәселелері туралы,  Байланыс және телекоммуникация қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы Қызылорда облыстық филиалы бойынша мәселелер, «Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалын құру туралы, кәсіподақтық басылымдарға жазылу науқаны және өзге де мәселелер қаралды.

Үйлестіру Кеңесі мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ойларын ортаға салып, кеңес шешімімен нақты ұсыныстар қабылданды. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы» РКБ Жарғысының жобасын және Аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің Типтік Жарғысының жобасын әзірлеу мақсатындағы  жұмыс тобы құрамына үміткер ұсынылды.