«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағының Конференциясы өтті

Қызылордада «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының Конференциясы өтті. Конференцияға салалық республикалық кәсіподақтар бірлестігі нің төрағасы Дюсенов Сапарбек Серікұлы қатысып, жаңадан ашылған кәсіподақ бірлестігі жұмысы жайлы түсіндірме жасады. Қызылорда облысы денсаулық сақтау қызметкерлерінің қазіргі таңда 90пайыздан астамы салалық кәсіподаққа қолдау білдіріп, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының құрамына мүше болып кірді.

Конференция делегаттарының дауыс беруімен «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы болып Шорабаев Яқия Қадырбекұлы сайланды. Сонымен қатар конференцияда салалық кәсіподақтың Қызылорда облыстық филиалының ревизиялық комиссиясы, Кәсіподақ Кеңесі құрамы сайланды.