Астана – заманауи сәулет үлгісі, жаңа идеялар мен үрдістер іздеу үстіндегі

жаңашыл қала.

Астана – барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қала.

Еліміздің ордасы, жүрегі – Астананың жақын арада 20 жылдық белесі тойланғалы отыр. Астана қысқа ғана уақыт ішінде ғаламат дәрежеге жетіп, әлем сүйсінер қалаға, жас мемлекеттің Тәуелсіздігінің символына және жаһандық табысына айналды.

Санасы сергек, жаңа технологияларды меңгерген өлкелең ұрпақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті елдердің сапына қосуға үлес қосатындығына сенімдіміз.

Бұл орайда, жастарды жақсылық пен ізгілікке, білімділік пен білгірлікке тәрбиелейтін педагог еңбегінің маңызы ауқымды. Заңғар қаламгеріміз Мұхтар Әуезовтің: «Ұстаздық – ұлы нәрсе» деген сөзі қай уақытта да ұстаз қызметіне берілген әділ де үздік баға болып қала бермек.

Тұңғыш Президентіміз негізін қалап, болашақ мақсаты мен мұратын нықтап берген Тәуелсіз мемлекетіміздің стратегиялық жоспарларын жүзеге асыруда, еліміздің одан арғы әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени дамуын жалғастыруда ұстаз қауымы атқарар міндет пен парыз орасан зор.

Ұстаздар алдында ой-өрісі дамыған, талантты, зерделі және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Осынау ауқымды жауапкершілікті абыроймен атқару – педагогтерге жүктелген мәртебелі парыз.

Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы білім саласындағы жоғары нәтижелі еңбегі, педагогикалық шеберлігі үшін Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерекесі қарсаңында торқалы тойға тарту ретінде 20 мектеп директорына «Мерке» шипажайына 2018 жылғы жазғы демалыс кезінде емделіп демалуға 20 тегін жолдама берді.

Өскелең ұрпақты тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келе жатырған мектеп директорларының Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымына алғыстары шексіз.