«Еңбек шартын жасаңыздар!» акциясы аясында

«Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Бахтияр Қараулов республикалық «Еңбек шартын жасаңыздар!» республикалық акциясы аясында Жамбыл облысының Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылында ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерінің өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуге жиналған шаруа қожалықтарының басшыларына аталған акцияның мақсаты, еңбек шартын жасамаудың құқықтық салдары жайлы егжей – тегжейлі түсіндіріліп берілді.
Кездесу соңында жиынға қатысушыларға Кәсіподақтар орталығымен әзірленген ақпараттық буклеттер таратылды. Мұндай кездесулерді әр ауданда тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр.