Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары кәсіподақ төрағаларымен кездесті

Қызылорда облысының кәсіподақтар орталығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Смағұл Бақытбек және Шиповских Геннадий Геннадиевич кәсіподақ төрағаларымен кездесті. Кездесуде депутаттар Елбасының «Әлеуметтік 5 бастамасын» жүзеге асыру барысы жайлы, атқарылған жұмыстар туралы сөз қозғап, кәсіподақ көшбасшыларымен өңірдегі еңбек ұжымдарының әлеуметтік-экономикалық жағдайлары бойынша пікір алмасты. Қызылорда облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Сермағамбетов Серік Сағитжанұлы Мемлекет басшысының ұсынған 5 әлеу¬меттік бастамасын жүзеге асырудағы аймақтарға артылатын міндет жүгінің салмақтығын кәсіподақтар толық түсіне отырып, бұл бастамаларды қолдап, еңбек ұжымдары арасында қызу түсіндірме-талқылаулар жүргізгендігін атап өтті.

Кездесу барысында С.Сермағамбетов депутаттарға облыс көлеміндегі еңбек қатынастары бойынша ахуалдың тұрақтылығын жеткізіп, кәсіподақтар қозғалысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының жаңғыруы жол картасы бойынша шаралар жүргізіліп, қазіргі таңда Федерацияның жаңа жарғысы жобасы талқылануда екендігінен хабардар етті. Сонымен қатар, Парламент Мәжілісінің депутаттары “Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы” акцонерлік қоғамының ұжымымен кездесіп, сұхбаттасты. Депутаттар кәсіподақ ұйымының жұмысымен танысып, мекемедегі еңбек жағдайлары жайлы ақпарат алды.