Ынтымақтастық туралы Меморандум

Бүгін, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы мен Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
«Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М. Шукеев халықтың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын және мүдделерін қорғау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, халықтың жұмыспен қамтылуы, ішкі еңбек нарығын қорғау бағытындағы жұмыстарды Меморандум аясында бірлесе отырып, табысты жұмыс атқарудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде, Жамбыл облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы М. Төлепберген билік партиясымен бірлесе атқаратын қызметтің қоғамдық – саяси мәнін атап өтті.