Энергетиктердің әл-ауқаты талқыланған жиын

Ағымдағы жылдың 12 шілде күні «Алматы қаласы кәсіподақтар орталығының» өкілдері, төраға орынбасарлары  Алмагүл Акимова мен  Ержан Баянбаев «Серіктес» жергілікті кәсіподақ ұйымына қарасты «Алатау жарық компаниясы» бастауыш кәсіподақ мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында «Алматы қаласы кәсіподақтар орталығының» және «Серіктес» жергілікті кәсіподақ ұйымының бірлесіп атқарылып жатқан жұмысы айтылды. Елбасымыздың 5 бастамасын негізге ала отырып «Алатау жарық компаниясы» жұмысшыларының өнімді еңбек етуіне жақсы жағдай туғызу үшін қандай шаралар жасалып жатқаны айтылды.

«Серіктес» жергілікті кәсіподақ ұйымының төрайымы Меруерт Тоғайбекова өз баяндамасында мәлімдегендей, «Алатау жарық компаниясы»  әкімшілігімен еңбек шартының және жұмысшылардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарының  бұзылмай келе жатқанын атап өтті. Әлеуметтік  бағыттағы іс-шараларға, кәсіпорын жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге, еңбек қауіпсіздігін сақтауға «Серіктес» жергілікті кәсіподақ ұйымы белсенділікпен араласып отырғанын көрсетті. Сәйкесінше жұмысшылардың да сауалдары мен ұсыныстары болып жатты.

«Алатау жарық компаниясы» бастауыш кәсіподақ мүшелері кәсіподақпен бірге  өз құқықтарының үнемі қорғауда болатынына сенімді екендігін білдірді. «Алматы қаласы кәсіподақтар орталығының» жоспарымен ұйымдастырылған кездесу жиі өткізілсе деген ұсыныстар болды.

Кездесу соңында энергетика саласында қызмет атқарып жатқан династия мүшелері Зәуреш Өмірбаева басшылығымен қажырлы еңбек атқарып келе жатқан «Алматы қаласы кәсіподақтар орталығының» алдағы  еңбек жолына сәттілік тілеп, баталарын берді.