ҚРКФ Бас кеңесінің қаулысы

1-МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ҚАУЛЫ

«Қазақстандық денсаулық сақтау

қызметкерлерінің салалық кәсіптік

одағы» ҚБ «Қазақстан Республикасы

кәсіподақтар Федерациясы» РКБ – нен

шығуы туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Жарғысының 8 және 20 тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Бас Кеңесі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Атқару Комитетінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 5 «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ өтініші туралы» қаулысы бекітілсін.
  2. «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының құрамынан, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің және құрылтайшыларының құрамынан шығарылсын.

 

2-МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ҚАУЛЫ

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар

Федерациясының құрамына

жаңа мүшелерді қабылдау туралы

Атқару Комитетінің

шешімдерін  бекіту туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Бас Кеңесі Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Жарғысының 20 тармағына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Атқару комитетінің Федерацияның жаңа мүшелерін қабылдау туралы Қаулылары бекітілсін:

  1. 2017 жылғы 23 қаңтардағы №1 2-тармағы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының құрамына «Ақпарат, коммуникация және байланыс қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ қабылдау туралы;
  2. 2017 жылғы 11 сәуірдегі №3 4-тармағы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының құрамына «Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» ҚБ қабылдау туралы»;
  3. 2017 жылғы 11 қазандағы №5 5-тармағы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының құрамына «Қамқор Магистраль» көлік жөндеу кәсіпорындарының салалық кәсіптік одағы» ҚБ қабылдау туралы;
  4. 2018 жылғы 8 маусымдағы №6 8-тармағы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының құрамына «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ қабылдау туралы.

 

3-МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ҚАУЛЫ

Қазақстан Республикасы

кәсіподақтар Федерациясы

Бас Кеңесінің құрамы туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Жарғысының 16, 20 тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Төмендегі ұйымдық мүшелер төрағаларын өкілеттік ретінде жіберуге байланысты Бас Кеңес құрамындағы өзгерістер назарға алынсын:

1) «Ақпарат, коммуникация және байланыс қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ;

2) «Орман шаруашылығы мен жануарлар әлемі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» ҚБ;

3) «Қамқор Магистраль» көлік жөндеу кәсіпорындарының салалық кәсібі одағы» ҚБ;

4) «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ.

  1. «Жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ-нің филиалдармен жұмыс жасау, кәсіподақ қатарына жаңа мүшелерді кіргізу, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясына мүшелік жарналарды төлеу бойынша жұмысының қанағаттандырусыз екені атап өтілсін.
  2. «Жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы С. С. Мұрзатаевтың есебін тыңдап, жұмыстағы олқылықтар мен ақауларды жоюға арналған іс-шараларын бағалауға байланысты Жарғыға сәйкес шешім қабылдау Федерация Атқару Комитетіне тапсырылсын.

 

4-МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ҚАУЛЫ

Қазақстан Республикасы

кәсіподақтар Федерациясы

Атқару Комитетінің құрамы туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Жарғысының 17, 19, 22, 24 тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Атқару Комитеті келесі құрамда сайлансын:

 

1 Әбдірайым

Бақытжан Жарылқасынұлы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының төрағасы

 

 

2 Нұрымбетов

Біржан Бидайбекұлы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының төрағасының бірінші орынбасары

 

3 Тінікеев

Мұхтар Бәкірұлы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының төрағасының орынбасары

 

4 Саиров

Ерлан Бияхметұлы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының төрағасының  орынбасары

 

5 Тоқжанов

Марат Лұқпанұлы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының төрағасының  орынбасары

 

6 Амантаева

Майра Тұрғанқызы

«Қазақстандық Салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

 

7 Ахметбаев

Оразғали Төлепбекұлы

«Қазақстандық Салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

 

8 Қалиев

Сұлтан  Есімұлы

Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

9 Нұралин

Асылбек  Жамашұлы

«Тау-кен металлургия салалық кәсіптік одағы «Қазақ кәсіподақ металл» қоғамдық бірлістігінің төрағасы

 

10 Жақыпов

Мирболат Хабиұлы

«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік  одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

11 Бекбас

Оразбек Телбайұлы

 

«Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

12 Дюсенов

Сапарбек Серикұлы

«SENIM» «Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

13

 

Есентаев

Тастанбек  Кұтжанұлы

Астана қаласының кәсіподақтар орталығының төрағасы

 

 

14 Нұрақаев

Ерік Есімұлы

«Солтүстік-Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы

 

 

15 Рахимбеков Төлеутай

Сатайұлы

«Орман шаруашылығы мен жануарлар  қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

16 Төлепберген

Мейрамбек Мылтықбайұлы

Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы

 

17 Өмірбаева Зәуреш Әбілғожақызы «Алматы қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы.

2. Бас Кеңестің 2015 жылғы 10 маусымдағы №2, 1 тармағы «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Атқару Комитетінің құрамын бекіту туралы» Қаулысы күшін жойды деп есептелсін.

 

5-МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ҚАУЛЫ

«Қазақстан Республикасы кәсіподақтар

 Федерациясы»  Республикалық кәсіподақтар

 бірлестігінің Жарғысы туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы  Жарғысының 17, 20 тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Бас Кеңесі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы» РКБ Жарғысының жобасын жаңа редакцияда әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасы кәсіподақтар барлық мүшелік ұйымдарынан тұратын жұмыс тобы құрылсын.
  2. Жұмыс тобы, Бас Кеңес мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы» РКБ Жарғысының жаңа редакциядағы жобасын екі ай мерзімінде әзірлесін.
  3. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Атқару комитетіне осы Қаулының 1 және 2 тармақтарына сәйкес әзірленген «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы» РКБ Жарғысының жаңа редакциядағы жобасын Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Съезінің қарауына және бекітуіне шығару құқы берілсін.
  4. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы төрағасының бірінші орынбасары                Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

 

6-МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ҚАУЛЫ

Аумақтық (облыс, республикалық

маңызы бар қала, астана деңгейінде)

кәсіподақтар бірлестіктерінің

Типтік Жарғысы туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Жарғысының 17, 20 тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аумақтық (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде) кәсіподақтар бірлестіктерінің Типтік Жарғысының жобасын әзірлеу мақсатында жұмыс тобы құрылсын.
  2. Жұмыс тобы екі ай мерзімінде аумақтық (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде) кәсіподақтар бірлестіктерінің Типтік Жарғысының жобасын әзірлесін.
  3. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Атқару комитетіне аумақтық (облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде) кәсіподақтар бірлестіктерінің Типтік Жарғысын бекіту құқы берілсін.
  4. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

 

7-МӘСЕЛЕ БОЙЫНША ҚАУЛЫ

Қазақстан Республикасы

кәсіподақтар Федерациясының

мүшелік ұйымдары ұсынатын, статистикалық

есеп беру тізбесі туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Жарғысының 17 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Бас Кеңесі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясына мүше ұйымдар ұсынатын статистикалық есептердің нысаны осы Қаулының 1-4 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы Қаулының 5 қосымшасына сәйкес статистикалық есептердің нысанын тапсыру мерзімділігі мен мерзімдері анықталсын.
  3. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясына мүше ұйымдар статистикалық есептердің нысандарын толтыру кезінде осы Қаулының 6 қосымшасында көрсетілген ұсынымдарды ескерсін.
  4. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінің 2016 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының мүше ұйымдары ұсынатын статистикалық есептер тізімі туралы» № 1 Қаулысының 5 тармақ күші жойылды деп есептелсін.
  5. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының мүше ұйымдары статистикалық есептер нысандарының сапалы және уақытылы тапсырылуын қамтамасыз етсін.
  6. Осы Қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары М. Л. Тоқжановқа жүктелсін.

 

БАСҚА МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ҚАУЛЫ

Аумақтық кәсіподақ бірлестіктерінің

арасынан Кәсіподақтар күніне орай

шараның үздік өткізуінің конкурсының нәтижелері

туралы 

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Бас кеңесі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары Е. Б. Саировтың Қазақстанның кәсіподақтар Күні мерекесін атап өту шараларының кешені туралы ақпараты ескерілсін.
  2. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Күні мерекесін атап өту бойынша аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері мен салалық кәсіподақтардың жасаған жұмысы ескерілсін.
  3. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Комиссиясының ерекшеленген аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерін марапаттау  туралы шешіміне келісім берсін.

 

БАСҚА МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ҚАУЛЫ

Қазақстан кәсіподақтарының күнін

тағайындау туралы

Кәсіподақ қызметінің маңыздылығын арттыру, әлеуметтік әріптестіктегі сіңірген еңбегін тану, еңбек жетістіктеріне құрметпен қарауды қалыптастыру және халық арасында кәсіптік одаққа мүшелікті дәріптеу мақсатында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Бас Кеңесі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан кәсіподақтары күнін 10 қазан деп тағайындау жөніндегі кәсіподақ ұйымдарының бастамалары қолдансын.
  2. Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Б. Әбдірайымға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнін белгілеу және осы кәсіби мерекені Қазақстан Республикасының мерекелік күндер тізіміне қосу туралы белгіленген тәртіп бойынша ұсыныс енгізуіне өкілеттілік берілсін.
  3. Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының атқарушы комитетінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы №8, 4 тармақ «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар күнін мерекелеу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

 

БАСҚА МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ҚАУЛЫ

Халықаралық Еңбек Ұйымы мен Халықаралық

Кәсіподақтар Конфедерациясымен қарым қатынас туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Жарғысының 17 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Бас кеңесі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы кәсіподақтары Федерациясының халықаралық қызметі туралы ақпараты назарға алынсын.
  2. Қазақстан Республикасы кәсіподақтық қозғалысын күшейту мақсатында заңнаманы әрі қарай жетілдіру, халықаралық жұмыстарды жандандыру және де кәсіподақтық бірлігін нығайту туралы Халықаралық Еңбек Ұйымы мен Халықаралық Кәсіподақтар Конфедерациясының бастамалары қолдау тапсын.

 

БАСҚА МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ҚАУЛЫ

«Қазақстан Республикасы кәсіподақтар

Федерациясы» РКБ-нің кезектен тыс

Съезін шақыру туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Жарғысының 15 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Бас Кеңес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы» РКБ-нің кезектен тыс Съезін шақырылсын
  2. Съездің өткізілетін уақытын, орнын анықтау күн тәртібін жинақтау және өкілетті делегаттар нормаларын тағайындау Федерация Атқару Комитетіне тапсырылсын.

Төраға                                                                                         Б.Әбдірайым