Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік тақырыбында семинар

2018 жылғы 20 шілде күні «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында «Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік» тақырыбындағы семинар-жиналыс өткізілді.
Семинар-жиналыста Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті директорының орынбасары Бақыт Әбділдаұлы Маханов «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы Мұнай-газ саласындағы әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның жұмысы туралы», KAZENERGY» қауымдастығының Әлеуметтік – еңбек қатынастары департаментінің директоры Айман Құдайбергенқызы Құсаинова «2017-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы салалық келісімнің негізгі ережелері туралы», Кәсіподақ төрағасы Пірімқұлов  Керім Пірімқұлұлы «Химия, мұнай-химия және өндірістің  ұксас салалары жұмыскерлерінің  салалық кәсіптік  одағының 2017-2019 жылдарға арналған салалық келісімді іске асыруы бойынша қызметі туралы», Кәсіподақ төрағасының орынбасары Көпбаев Сайран Ізтілеуұлы «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының 2017-2019 жылдарға арналған салалық келісімді іске асыруы бойынша қызметі туралы», «Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіподақтар Орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Серік Елемесұлы Әуесханов «Әлеуметтік әріптестік пен кәсіподақтардың негізгі рөлі» тақыптарында баяндамалар жасады.