Тасқала ауданында кәсіподақ күні өтті

Бүгін 20-шы шілде күні Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақ орталығының ұйымдастыруымен өңіріміздің Тасқала ауданында кәсіподақ күні өтті. Шараға облыс орталығынан  Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар Орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Е.Ғ.Салықов және облыстық салалық кәсіподақ ұйымдарының басшылары түгелгедерлік белсенді  қатынасты. Ауданда Кәсіподақ күні  өтуінің алғашқы шарасы аудан активімен кездесуден бастау алды. Актив жиналысын ашқан аудан әкімі А.С.Халелов өз сөзінде кәсіподақ жұмысын жандандыру заман талабы және әрбір ұжымдағы жұмысшылардың құқығын қорғайтын бірден-бір ұйым екендігіне тоқтала келіп осы бағытта бірлесе жұмыс жасауға ынталы екендігін жеткізді. Өз кезегінде сөз алған Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар Орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Е.Ғ.Салықов Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясынан алға қойған міндеттеріне, облыстық кәсіподақ ұйымдарының атқарып жатырған жұмыстарына толық мәлімет бере келіп, алдағы тұрған мақсат-міндеттер айқындалып оны  бірлесе атқару жөнінде аудан әкімімен мемарандумға қол қойды. Сонымен қатар ауданда кәсіподақ күні өтуі барысында облыстық салалық кәсіподақ ұйымдарының төраға төрайымдары өз салаларындағы кәсіподақ мүшелерімен кедесулері өтіп және бұрын кәсіподақ ұйымдары құрылмаған екі бірдей сала бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құруға қол жеткізілді. Кәсіподақ күнін өткізудегі белгіленген жоспарға сәйкес Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар Орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Е.Ғ.Салықов және «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасының м.а. М.К.Кусаинов Тасқала ауданы денсаулық саласының қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кездесуге 260 кәсіподақ мүшесі бар үлкен ұжым өкілдері жаңадан құрылған «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» туралы толық мәлімет ала отырып, қолдау білдірді.