«Азаматтық қоғамды дамытудағы мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ ынтымақтастығының тиімді моделін қалыптастыру»

Кеше  Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да «Азаматтық қоғамды дамытудағы мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ ынтымақтастығының тиімді моделін қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кездесудің жұмысына Азаматтық альянсының президенті Асылбек Қожахметов, облыс әкімі Алтай Көлгінов, «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғаласы кеңесінің төрағасы Мұхтар Манкеев, БҚО кәсіподақтар орталығының және обыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Е. Салықов, мемлекеттік органдар , ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Шара барысында ҮЕҰ мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру бойынша бірлескен қадамдар талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар өзара бірге жобаларды жүзеге асыру жолдарын белгіледі.