Жүйелі жұмыс-жарқын болашақ кепілі

«Ұжымдық шарт жасаңыз!» атты жалпы Республикалық акция аясында «Алматы қаласы кәсіподақтар орталығының» ұйымдастыруымен Алматы қаласының қоғамдық орындарында «Сенім жәшіктерін» орналастыру іс-шарасы аяқталды.

Қаланың ірі мегаполис екендігі ескеріліп, «Сенім жәшіктерін» қоғамдық орындарда көбейту мәселесі де сәтті жүргізілді. Аудандық әкімшіліктер өкілдерінің қолдауымен (Медеу, Наурызбай, Алатау, Әуезов, Алмалы, Түрксіб, Жетісу, Бостандық) аудандарына қарасты емханаларда (№12 облыстық емханада, №21 емханада), сауда кешендерінде («Ақ Орда», «Променад») ойын-сауық орталықтарында («Mega»), жұмыспен қамту орталығында, Кәсіподақ Федерациясының бөлімшесінде сәтті орналастырылды.

«Сенім жәшіктерін» орналастыру іс-шарасының басты мақсаты-заңсыз еңбек қатынастарын болдырмау. Жұмысшылардың жалақы мәселесі бойынша, зейнеткерлікке шығу сәтінде, жұмысшының сырқаттанған жағдайында кәсіпорынмен келіспеушілік туындамауын қамтамасыз ету.

Еңбек келісімшарты рәсімделмеген жағдайда, қәзіргі уақытта, «конвертпен» жалақы алатын қызметкерлердің азаматтық сана-сезімсіздігі мен жауапсыздық мәселесін шешу.

Кәсіподақ Федерациясының бастамасымен жүзеге асып жатқан бұл акция-еңбек азаматтары мен азаматшалары үшін құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, әлеуметтік кепілдіктерді толық көлеммен алу үшін сәтті ұйымдастырылған іс-шара ретінде қалыптаспақ.