ҚРКФ Атқару комитетінің қаулысы

Атырау облысы аумақтық кәсіподақ

бірлестігінің төрағасы туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Жарғысының 20 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының (одан әрі-Федерация) Атқару комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Баймұханов Ізтұрған Ұзақбайұлы Атырау облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы лауазымына сайлансын.

2.Осы Қаулының орындалуы Федерация Ұйымдық- кадр жұмысы департаментіне (Ж.А.Мұқтар) жүктелсін.

 

Атырау облысы аумақтық кәсіподақ

бірлестігінің төрағасы туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Жарғысының 20 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Атқару комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Елеманов Саламат Қабдоллаұлы Атырау облысы аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы лауазымынан босатылсын.

2.Осы Қаулының орындалуы Федерацияның Ұйымдық- кадр жұмысы Департаментіне (Ж.А.Мұқтар) жүктелсін.

 

Қызылорда облысы аумақтық

кәсіподақ бірлестігінің төрағасы туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Жарғысының 20 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Атқару комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Сермағанбетов Серік Сағытжанұлы Қызылорда облысының аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы лауазымына сайлансын.

2. Осы Қаулының орындалуы Федерацияның Ұйымдық- кадр жұмысы департаментіне (Ж.А.Мұқтар) жүктелсін.

 

Павлодар облысы аумақтық

кәсіподақ бірлестігінің

төрайымы туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Жарғысының 20 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының (одан әрі-Федерация) Атқару комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Айтжанова Динара Нұржанқызы Павлодар облысының аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрайымы лауазымына сайлансын.

2. Осы Қаулының орындалуы Федерацияның Ұйымдық- кадр жұмысы департаментіне (Ж.А.Мұқтар) жүктелсін.

 

Шығыс – Қазақстан облысы

аумақтық кәсіподақ

бірлестігінің төрағасы туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Жарғысының 20 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Атқару комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Төлеубаев Мейірхан Ақпанбекұлы Шығыс – Қазақстан облысының аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төрағасы лауазымына сайлансын.

2. Осы Қаулының орындалуы Федерацияның Ұйымдық- кадр жұмысы департаментіне (Ж.А.Мұқтар) жүктелсін.

 

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар

Федерациясының кезектен тыс XXV-Съезі

туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Жарғысының 15, 20 тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы (әрі қарай – Федерация) Бас Кеңесінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 1 Қаулысының 10.4 тармағын орындау мақсатында Атқару комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы» РКБ-нің кезектен тыс XXV-Съезін өткізу Астана қаласында, 2018 жылғы 10 қазан 10.00 сағатқа белгіленсін.

2. Кәсіподақ мүшелері туралы салалық бірлестіктердің ақпараттары бойынша кезектен тыс Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының XXV-ші Съезінің делегаттарының нормаларын әзірлеу Федерацияның Ұйымдастыру -кадр жұмысы департаментіне (Ж.А. Мұқтар) жүктелсін.

3. Осыған байланысты Федерацияның мүшелік ұйымдары – салалық кәсіподақтар бірлестіктеріне 2018 жылғы 1 тамызға сәйкестендірілген кәсіподақ мүшелерінің саны туралы мәліметтерді Федерацияның Ұйымдастыру – кадр департаментіне 2018 жылғы 5 тамызға дейін тапсыру жүктелсін.

4. Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы кезектен тыс XXV-Съезінің төмендегі болжамды күн тәртібі бекітілсін:

1).«Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы» РКБ-нің жұмысы және Қазақстан Республикасының кәсіподақтық қозғалысын өркендетудегі қойылған жоспарлар туралы Федерация төрағасының баяндамасы;

2). Федерация Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы;

3). 2017 жылғы 22 қарашадағы Федерация Бас Кеңесінің №1 Қаулысымен сайланған Федерация төрағасы Б.Ж.Әбдірайымның өкілеттілігін растау және оны аталған лауазымға 5 жыл мерзімге бекіту туралы;

4). Федерация Ревизиялық комиссиясының Ережесін бекіту туралы;

5). Федерация Ревизиялық комиссиясын сайлау туралы;

6). Федерация Бас Кеңесінің құрамын анықтау туралы;

7). Федерация рәміздері туралы.

5.Кезектен тыс XXV-ші Съезді өткізу іс-шаралар жоспары бағдарламалық жобалар мен басқа қорытынды құжаттар даярлау туралы комиссия құру және қаржылық шығындар жоспарын құрып, бекітуге ұсыну Федерация Ұйымдастыру – кадр жұмысы департаментіне (Ж.А. Мұқтар) жүктелсін.

6. Осы Қаулының орындалуын қадағалау Федерация төрағасының бірінші орынбасары Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсін.

 

«Жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің

салалық кәсіптік одағы» ҚБ-нің жұмысы және

жарғылық талаптарға сәйкес Федерация

органдарының шешімдерін орындау

барысы туралы

Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы (әрі қарай- Федерация) Жарлығының 8, 20 тармақтарын басшылыққа ала отырып, «Жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ-нің төрағасы С.С.Мұрзатаевтың ақпаратын тыңдап, Федерация Бас Кеңесінің 2018 жылғы 22 маусымдағы Қаулысының 3 тармағының негізінде Атқару комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Салалық кәсіподақтар бірлестігінің жұмысын ұйымдастырудағы жарғылық талаптарды толықтай сақтамағаны үшін «Жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ-нің төрағасы Мұрзатаев Самат Сабырұлы Федерация сайланбалы органдарының отырыстарында 2 айға дейін дауыс беру құқығынан уақытша айырылсын.

2. Екі ай аралығында мүшелік жарналарын белгіленген тәртіп бойынша төлеу барысындағы жіберілген қателіктерін және Федерация Жарғысының талаптарын орындауы бойынша кемшілктерді түземеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ-нің Федерация қызметіне қатысуы және Федерация мүшелігінен шығарылуы туралы мәселелер Федерация Жарғысына сәйкес қаралсын.

3.Аталған мүше ұйым кемшіліктерді жойған жағдайда С. Мұрзатаевтың дауыс беру құқығын қалпына келтіуі Атқару Комитеті қарауына шығарылсын.

4. Осы қаулының орындалуын қамтамасыз ету және белгіленген мерзім өткеннен кейін «Жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ-нің жұмысы туралы ақпарат беру Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Ұйымдық- кадр жұмысы департаментіне (Ж.А.Мұқтар) тапсырылсын.

5. Қаулының орындалуын қадағалау Федерация төрағасының орынбасары М. Тоқжановқа жүктелсін.

 

Қазақстан Республикасы

кәсіподақтар Федерациясына бекітілген

тәртіп бойынша кәсіподақтық мүшелік

жарналарын төлемеген және жарғылық

талаптарды бұзған мүше ұйымдардың

жауапкершіліктері туралы

Кәсіподақтық мүшелік жарналарды белгіленген тәртіп бойынша төлеу барысындағы және «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы» РКБ-нің Жарғысының талаптарын орындаудағы кейбір салалық кәсіподақтар бірлестіктерінің жіберген ақаулары мен бекітілген тәртіпті бұзушылықтары туралы М.Тоқжановтың есебін тыңдап, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы (одан әрі – Федерация) Жарғысының 8, 10, 20 тармақтарын басшылыққа ала отырып, 2018 жылғы 22 маусымындағы Бас Кеңестің №1 Қаулысының 9 тармағының негізінде Атқару комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.2017 жылғы көрсеткіштерге байланысты төмендегі мүше ұйымдардың төрағалары екі айға Федерацияның сайланбалы органдарының отырыстарында дауыс беру құқынан айырылсын:

-«Қазақстандық ақпарат, байланыс және телекоммуникациялар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ (У.А.Байсариев);

– «Жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ (С.С.Мұрзатаев);

-«Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ (Қ.Ш.Есенғазин);

-«Қарулы Күштер, басқа әскери және әскери құрылымдар қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ (Т.І. Ерденбеков);

2. Қаулы қабылданғаннан күннен бастап, белгіленген уақыттта көрсетілген ақаулар жойылмаса, Федерация Жарғысына сәйкес аталған қоғамдық бірлестіктердің Федерация қызметіне әрі қарай қатысу және Федерация мүшелігінен алып тастау мәселелері қаралсын.

3.Аталған мүше ұйымдар кемшіліктерді жойған жағдайда олардың төрағаларының дауыс беру құқығын қалпына келтіру мәселесі Атқару Комитеті қарауына шығарылсын.

4. 2018 жылғы көрсеткіштер бойынша көрсетілген ақауларды бір ай ішінде жою, кәсіподақтардың мүшелік жарналар берешегін белгілеп, тәртіп

бойынша өтеу және Жарғылық талаптарды орындауды қамтамасыз ету төмендегі мүше ұйымдардың төрағаларына жүктелсін:

-«Таукен металлургия салалық кәсіптік одағы «Қазақ кәсіподақ металл» ҚБ; (А.Ж. Нұралин)

– «Машина жасаушылар салалық кәсіптік одағы» ҚБ (Қ.Қ. Құсайынов);

-«Мұнайгаз кешені қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподақтары» ҚБ (С.Е.Қалиев);

– «Қазақстандық мұнайгаз салалық кәсіптік одағы» ҚБ (Т.Б.Қабдулов);

5. Осы Қаулының орындалуын қамтамасыз ету және белгіленген мерзім өткен соң жоғарыда көрсетілген мүшелік ұйымдардың ақауларды жоюда жасалған жұмыстары және олардың нәтижелері туралы ақпарат беру Федерация Ұйымдық- кадр жұмысы департаментіне (Ж.А. Мұқтар) жүктелсін.

6. Қаулының орындалу барысын қадағалау Федерация төрағасының орынбасары М.Л. Тоқжановқа жүктелсін.

 

Арқалық қаласындағы (Абай к.25)

«Қазақстан Республикасының

кәсіподақтар Федерациясы»

РКБ-дегі әкімшілік

ғимаратын «Ы.Алтынсарин атындағы

Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты»

РМК балансына ақысыз беру туралы

«Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы активтерін басқару Дирекциясы» Мекемесі Бас директоры Х.Н. Мусиннің баяндамасын тыңдап, Жарғының 20, 28 тармақтарын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Атқару комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Қазақстан Республикасы Президентінің Бес әлеуметтік бастамаларын іске асыру мақсатында, «Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы» РМК-нің меншігіндегі Арқалық қаласында (Абай көшесі 25) орналасқан бұрынғы Торғай облыстық кәсіподақтар Кеңесінің ғимараты «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» РМК-не ақысыз көмек ретінде берілсін.

2. Ұйымдық- кадр жұмысыДепартаменті (Ж. А.Мұқтар), Активтерді басқару Дирекциясы (Х. Н Мусин) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ғимаратты аталған кәсіподаққа табыстау құжаттарын даярласын.

3. Ұйымдық- кадрлық жұмысы департаменті (Ж. А Мұқтар.) күн мен уақытын анықтап, Федерация басшылығының қатысуымен, Институт ректорына табыстау рәсімін ұйымдастырсын.

 

ҚРКФ мүшелік ұйымдарына

шипажайлар мен демалыс үйлеріне

жолдамалар берудегі бірегей туроператорлар

туралы

ҚРКФ (әрі қарай- Федерация) мүшелік ұйымдарына шипажайлар мен демалыс үйлеріне жолдамалар беруде бірегей оператор арқылы жағдай жасау мақсатында Атқару Комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Федерацияның үлесі бар шипажайлар мен демалыс үйлеріне жолдамалар беруде Федерация ұйымдық-кадр жұмысы департаменті мен Аумақтық кәсіподақтар бірлестіктері («Профсервис» ЖШС-нің тікелей қатысуымен) бірегей туроператор болып анықталсын.

2. Федерация ұйымдастыру және кадрлық Департаментіне және Аумақтық кәсіподақтар бірлестіктеріне («Профсервис» ЖШС-нің тікелей қатысуымен) 2018 жылғы 1 қыркүйекке дейін шипайжайлар мен демалыс үйлері басшыларымен келісім жасасу тапсырылсын.

3. Осы Қаулының орындалуын қамтамасыз ету Федерация ұйымдастыру және кадрлық Департаменті (Ж.А.Мұқтар) мен «Федерация активтерін басқару Дирекциясы» мекемесіне (Х.Н. Мусин) жүктелсін.

 

«Кәсіподақ ардагері» төсбелгісін жасау

және «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін»

төсбелгісін жаңарту туралы

Ұйымдық – кадр жұмысы департаментінің директорының баяндамасын тыңдап, Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясының Атқару комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісін жасату және «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін жаңарту жұмысының шығындарын өтеу үшін, 2018 жылғы 21 мамырдағы № 28 келісім шарт бойынша, 3 миллион 900 мың теңге көлеміндегі төлемақыны Федерация мүшелік ұйымдары салалық кәсіподақтар қоғамдық бірлестіктеріне үлестірілсін.

2. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы Ұйымдастыру-кадрлық Департаменті салалық кәсіподақтар бірлестіктерінің тізімін анықтап, әрі қарай төлеу үшін, олармен қаржыны Федерация есепшотына жолдау туралы келісім жасасын.

3. Осы Қаулының орындалуын қамтамасыз ету Федерация аппарат басшысы-ұйымдық-кадрлық жұмысы Департаменті директорына (Ж.А. Мұқтар) жүктелсін.

 

«Қазақстан Республикасының

кәсіподақтары Федерациясы» РКБ

мен салалық кәсіподақтар арасындағы

келісімшарты туралы

«Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы» РКБ-нің және кейбір салалық кәсіподақтардың арасындағы келісімшарт туралы ақпаратын тыңдап, Атқару комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Кейбір салалық кәсіподақтар қоғамдық бірлестіктерінің кәсіподақ мүшелік жарналарынан 3% және аумақтық кәсіподақтар бірлестіктеріне 3% мөлшерінде аудару бойынша жасаған бастамалары мақұлдансын.

2.Салалық кәсіподақтар бірлестіктері мен олардың филиалдары Федерацияға кәсіподақ мүшелік жарналарынан 3% және аумақтық кәсіподақтар бірлестіктеріне 3% мөлшерінде аудару бойынша жасалған өзара ынтымақтастықты нығайту туралы келісімшарт бекітілсін

3.Федерацияның басқа да мүшелік ұйымдары-салалық кәсіподақтарға осыны негізге ала отырып, Федерациямен келісімшарт жасау ұсынылсын.

4.Осы Қаулының орындалуы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары М. Л. Тоқжановқа және мүше ұйымдарға жүктелсін.

Төраға                                                                  Б. Әбдірайым