Футболдан ішкі турнир өтті

Шілде айының 28 күні Ұзыныағаш аудан орталығында “Серіктес” локалдық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен “Алатау жарық компаниясына” қарасты бастауыш кәсіподақ ұйымдары арасында шағын футболдан ішкі турнир өтті. Жарысқа жалпы саны 13 команда қатысты. Турнірдің ашылу салтанаты Алматы қаласының “Аймақтық кәсіподақ бірлестігінің” өкілі Баянбаев Ержанның құттықтау сөзімен басталды, Қазақстан Республикасының Кәсіподақ Федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым мырзаның және Алматы қаласының “Аймақтық кәсіподақ бірлестігінің” төрайымы Зәуреш Әбілқожақызының сәлемін жеткізе отырып, командаларға өтетін жарысқа сәттілік тіледі. Салтанатты ашылуды “Серіктес” локалдық кәсіподақ ұйымының төрайымы Тоғайбекова Меруерт жалғастырып, аталмыш турнирдің дәстүрлі түрде өтетінін мәлімдеп, кәсіподақ белсенділері үшін салауатты өмір салтын насихаттау “Серіктес” локалдық кәсіподақ ұйымы үшін бірінші кезекте екенін жеткізді. Үлкен кубокті сарапқа салған командалар белсенді әрі тартысты ойын үлгілісін көрсетіп, жүлделі орын иегерлерін анықтады: 1 орын №3 Электр тораптар ауданы (150 000 тенге), 2 орын АРЭК құрама командасы (120 000 тенге), 3 орын Жамбыл электр тораптар ауданы командасы (100 000 тенге) иеленді. “Үздік ойыншы” номинациясы Шамшатов Ә, “Үздік қорғаушы” номинациясы Қадырбаев Т.Б, “Үздік қақпашы” номинациясы Кенебаев Қ ойыншыларына бұйырды. Жүлделі командалар мақтау қағаздарымен, бағалы силықтармен марапатталды.