Жұмыла кіріскен іс – жемісті жетістік!

Шілде айының 31 күні Алматы қаласының №2 Алмалы аудандық сотының ұйымдастыруымен «Алматы жылу жүйесі» мекемесінің қызметкерлеріне арналған «қоғамдық-құқықтық қатынастардан туындайтын еңбек дауларын болдырмау» атты семинар өтті.

№2 Алмалы аудандық сотының төрешісі Каралуппа Надежда Алматы қалалық соты мен «Алматы қаласы кәсіподақтар орталығы» өзара ынтымақтастықпен жүйелі жұмыс атқарып келе жатқанын айтып, семинардың қатысушыларымен іс-шараның мақсатымен таныстырды.

Семинардың басты мақсаты: еңбек дауларының алдын алу және жұмыс сәтінде кездесетін жанжалдық жайттарды сотқа дейінгі екі жақты шешу мәселелерін талқылау екендігін мәлімдеді.

Аталмыш семинарға «Алматы қаласы кәсіподақтар орталығының» өкілі Баянбаев Ержан қатысты. Өз кезегінде, әлеуметтік-еңбек қатынастардың тұрақтылығын қамта¬ма¬сыз етуде, еңбек қауіп¬сіздігін сақ-тауда, жұмысшылар мен олардың отбасы мүшеле¬рінің денсаулы¬ғын жақсартуға бағытталған кәсіподақтың жұмысы мен жоспарын баяндады. Әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелерінің басым бөлігі ұжымдық шарттар арқылы реттелетінін жеткізді. Осындай бірлескен ұйым¬дас¬тыру жұмыс¬тары мен бірлескен нақты іс-қимыл шараларының нәтиже¬сінде өңірде әлеуметтік тұрақ¬ты¬лықтың сақталатынына сенім білдірді.