Әріптестік байланыс нығаюда

1 тамыз күні Батыс Қазақстан облыстық Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Ербол Салықов облыстағы көптеген басылымдарды біріктіріп отырған «Жайық Пресс» ЖШС-нің басшысы Рауан Сабитұлы Сабитовпен және «Орал өңірі» газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллинмен кездесті. Отырыс барысында қазіргі уақыттағы кәсіподақтардың қоғамдағы рөлі, облыстағы әлеуметтік еңбек қатынастарының жағдайы және әлеуметтік әріптестікті жетілдіру бағытындағы атқарылып жатырған жұмыстар кеңінен талқыланды. Қоғамдағы көңіл аударатын басты мәселелердің бірі еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселері, жұмыс беруші мен жұмысшылар қарым қатынасы, олардың түсінігі мен жоғары мәдениетін қалыптастыру бағытындағы ахуалды арттыру және бұл мәселеде қоғамдық бақылаудың маңыздылығы мен кәсіподақтың орыны сөз болды.
Кездесу соңында тараптар кәсіподақ ұйымдары мен бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы байланысты дамыту және жетілдіре түсуге және кәсіподақ қызметі туралы азаматтарды кеңінен ақпараттандыру мақсатында бірлесе жұмыстарды атқаруға уағдаласты.