Маңызды мәселелер талқыланды

Қызылорда автобус паркінің еңбек ұжымында Қызылорда аумақтық кәсіподақтар бірлестігі өкілдері қатысуымен жиналыс өтті. Жиналыста мекемедегі кәсіподақ ұйымының жұмысын жандандыру бойынша мәселе талқыланды. Кәсіподақтармен “Кәсіптік одақтар туралы” Заңы бойынша және кәсіподақ ұйымының ұйымдастырушылық жұмыстары жайлы толық түсіндірмелер жасалып, жұмыскерлердің сұрақтарына жауаптар берілді. Мекеме жұмыскерлері Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының жұмыс бағыттары, өңірлік кәсіподақтар бірлестіктерімен атқарылған жұмыстар, облыстық Келісім жайлы мағлұматтар алды.Еңбек ұжымы мекемедегі кәсіподақ ұйымының облыс көлеміндегі салалық кәсіподақ ұйымы құрамында мүшелік ұйым ретінде жұмыс жасауы жайлы өздерінің ниеттерін білдіріп, аталған мәселе бойынша тиісті шешім жасайтындықтарын жеткізді.