Өндірістік қауіпсіздігі, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау туралы семинар-тренингі өтті

Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы 2018 жылы 07 тамыз күні «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының» Батыс Қазақстан облыстық филиалы мен Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бірігіп Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, қызметкерлердің облыстық бірлестіктері және жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктері арасындағы 2018 – 2020 жылдарға арналған келісімдегі міндеттемелерді орындау мақсатында «Өндірістік қауіпсіздігі, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Семинарға Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Е.Салықов, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы К.Айтмухамбетов, облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқармасының, «ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ-нің және облыстағы оқу орталықтарының мамандары, облыс аумағындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен еңбек қауіпсіздігіне жауапты мамандар қатысты.
Семинарды «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының» Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрайымы А.Есекенова ашып, қазіргі кездегі кәсіподақтың роліне, жұмыс бабында туындайтын еңбек дауларын шешу, жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде туындайтын мәселелердің себептерінен осы семинардың маңыздылығына тоқталып өтті.
Семинарда Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Е.Салықов сөз сөйлеп, қатысушыларға өндірістегі жазатайым оқиғалардың жағдайын, еңбек қауіпсіздігін қалыптастырудағы кәсіподақтардың рөлін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша жұмысшыларды оқыту негіздерін, сондай ақ еңбек жағдайын жақсарту жөнінде түсіндірді.
Семинарда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы К.Айтмухамбетов облыстық кәсіподақ ұйымының қазіргі кездегі әлеуметтік сала мекемелеріндегі қажеттілігін, кәсіподақ мүшелерінің жыл сайын сауықтыру шипажайларына жолдама бөлетіндігін, кәсіподақ мүшелерінің балаларына жазғы демалыс ұйымдастырылатынын, сонымен қатар кәсіподақ мүшелеріне берілетін қайырылымдылық көмек туралы айтып өтті.
Семинар барысында облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқармасының бас маманы Г.Изимбергенова, «ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ-нің бас маманы А.Кадиров және облыстағы «РЦКУ-Уральск» ЖШС оқу орталығының бас маманы Б.Самоков дәріс оқылып, слайд, бейнеролик көрсетіліп, методикалық материалдар үйлестірілді.
Жиын барысында өндірістік жарақаттанудан, кәсіби аурушаңдықтан сақталу, қауіпті жағдайларды алдын ала ескерту туралы түсіндірме берілді.
Қазақстан Республикасы Заңнамалығына сәйкес әрбір қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес санитариялық-тұрмыстық жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге құқылы екені түсіндірілді.
Сонымен қатар мамандар өнеркәсіптік қауіпсіздікке, өрт қауіпсіздігіне тоқталып, нақты түсініктер берді.
Семинарға қатысушылар, соның ішінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының басшылары мен еңбек қауіпсіздігіне жауапты мамандар еңбек жолында кездесетін қиыншылықтарымен бөлісіп, сұрақтарына нақты жауап алды.
Семинар соңында жауапты қызметкерлерге сертификаттар табысталды.