Бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларымен кездесу

«Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Айдарбекұлы Бекжанов Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы Светлана Кеңесқызы Иманкулованы қабылдады.

Қабылдауда Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясы Бас Кеңесінде қабылданған қарарлардың орындалу барысы туралы, тікелей бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен жұмыс жүргізу және Еңбек Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қаралды.

Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларымен кездесу барысында еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі маман немесе техникалық инспектор бірлігін ашу және оның лайықты еңбек жалақысын шешу, мәдениет саласы қызметкерлерінің айлығын көтеру, еңбек ұжымдарында ұжымдық шарттар жасасу мәселелері сөз болып, тиісті ұсыныстар жасалды.