“Мектепке жол” акциясы өткізілді

Аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға көмек пен қолдау көрсету мақсатында “Достық” спорт мектебінде “Мектепке жол” акциясы өткізілді.

Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы,облыстық спорт мектептері және “Қазақстандық салалық мәдениет ,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы” ҚБ облыстық филиалы 1-9 сыныпта оқитын 13 балаға сыйлықтар дайындап,көмек берді. Мереке-балаларға қуанышты және көтеріңкі көңіл күй сыйлап “Достық” әкімшілігінің дайындаған xалықаралық жүзу бассейнінде экскурсиясымен және “тәттіге толы дастарxанмен” аяқталды.