«Мектепке жол» акциясы

«Мектепке жол»  дәстүрлі қайырымдылық акциясы Қызылорда облыстық кәсіподақ ұйымының  ұйымдастыруымен   15 тамыз күні   өткізілді.

Акцияны өткізудегі негізгі мақсат – кәсіподақ мүшелерінің аз қамтылған және көп балалы отбасылардың  балаларына  жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде көмек көрсету.

Шарада сөз алған облыстық кәсіподақ комитеті төрайымының орынбасары Г. Есқалиева акцияның мазмұны мен маңыздылығын түсіндіре  келе,  2018-2019 оқу жылының осындай игі бастамамен басталғанын және осындай  іс алдағы кезеңде де өз жалғасын табатындығын жеткізді.

Айта кетейік іс-шараға білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитеті, қалалық кәсіподақ комитеті және бастауыш кәсіподақ комитеттері атсалысып 190 аз табысты білім беру мекемелерінде жұмыс атқаратын техникалық қызметкерлер, лаборанттар және тағы басқа салалық кәсіподақ мүшелерінің балаларына әр қайысысына 10 мың теңге тұратын мектепке қажеттi заттарын, оқу құралдарын алып берді.

Акция барлық аудандарда жалғасын табуда, облыс бойынша кәсіподақ қайырымдылығымен 400-ге жуық бала қамтылды.