Жас кәсіподақ көшбасшыларына арналған жастар лагері өтті

Ағымдағы жылдың 16-18 тамыз аралығында Ақтау қаласында Құрылысшылар күні – кәсіби мерекесіне орайланған «Жастар кәсіподақтар прогресінің күшейтушісі» атты жас кәсіподақ көшбасшыларына арналған жастар лагері өтті.
Ашылу салтанатында, жастар лагерінің басты қонақтары – “Құрылыс комплексі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағының” төрағасы Есенғазин Құсейін Шамшаұлы және Маңғыстау облыстық Кәсіподақтар орталығының төрағасы Жанабеков Қайрат Құттыбайұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Семинар тренингті коуч, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі, жаһандық әлемдік желідегі WLP жаттықтырушыларының мүшесі, адам ресурстары бойынша сарапшы, интуитивті кеңесші Наби Гулзи Аскеновна бірнеше секция: имидж, лидер, мотивация және т.б. бойынша жүргізді.
Аталған жастар лагеріне Республика бойынша салалық кәсіподақ мүшелерінен 20- дан астам жас көшбасшылар қатысты. Лагерь қатысушылары «Кәсіподақтағы лидердің имиджі”, “Өз-өзін дамыту”, “Имидждің жоғарғы жағдайы. Dress code” сессияларына белсенді қатысып, тапсырмаларды орындады. Аталған іс-шараның соңы, семинар-тренингті тәмамдағаны жайлы сертификатты табысталды. Іс- шараның көркін, Ақтау қаласының талантты әншісі Әсет Нұрсебепов керемет әнімен ұластырып, қатысушылар бір толқында “Достар” әнін шырқады. Барлық қатысушалар ұйымдастырушыларға алғысын айтып, семинар- тренгтардың жастар үшін маңызды екенін және көбірек ұйымдастырылуын тіледі.